Басты бетЖаңалықтарМинистр казиноға...

Министр казиноға барған әскери қызметшілер туралы айтты

Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің қызметшілері бар. Олардың әрқайсысына қатысты қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша бұл әскери қызметшілердің одан әрі қызметті жалғастыруы мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдаймын. Сондықтан алдымен тергеу амалдарын толық жүргізіп алайық, — деді Жақсылықов сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда министр аталған әскери қызметшілердің аты-жөні анықталғанын айтты.

Қызметтік тергеу жүріп жатыр. Бұл — әскерилердің орташа құрамындағы адамдар. Атап айтқанда, олардың арасында жоғары шендегі әскерилер жоқ. Өйткені жоғары офицерлiк құрам лауазымындағыларда казиноға баратын уақыты жоқ, олар үнемі қызметте. Аталған оқиға бойынша біздің әскери қызметшілер ойынға салған қаражат сомасы қомақты емес, — деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, казиноға миллиондап ақша ұтылған мемлекеттік қызметшілердің қаражатты қайдан алғаны зерттеліп жатыр.