Полиция мәліметінше, бұл электрсамокат пайдаланушылары үшін де, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де қауіпті болуы мүмкін.
Алматы полицейлері осы көлікті қыс мезгілінде пайдаланбауға кеңес береді, өйткені ол жаңбыр мен қарда пайдалануға жарамайды. Сонымен қатар бұл құрылғылар жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді, — дейді полицейлер.
Бұл ретте полицейлер қазіргі уақытта заңнамада мұндай құрылғыларды қыста пайдалануға ресми түрде шектеу қойылмағанын айтты.