Қаланың ауруханаларына әртүрлі жарақат алған 17 адам жеткізілді. Жалпы көлік апаты салдарынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Алматыда Төле би — Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Апаттан 1 адам қаза болды.