51 келіге дейінгілер арасындағы ширек финалда Бибосынов малайзиялық Гайюм Ариффинді 5:0 есебімен таза жеңді. Осының арқасында жерлесіміз сары құрлық бәсекесінде кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.
Еске салайық, Сәкен Бибосынов 5 қарашада ерлер арасында ринг төріне өзі шықты.
Бибосынов 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Токио олимпиадасының қола жүлдесін еншілеген.