Метеорологтар болжамы бойынша, жақын күндері Атлант циклоны мен онымен байланысты фронталь бөліктер Қазақстан аумағына ықпал етеді. Осыған байланысты күзгі ауа райы тұрақсыз, жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар түрінде, 5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында — қалың қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстанда, 7-8 қарашада республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республикада тұман, көктайғақ, сонымен қатар екпінді жел күтіледі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. 7 қарашада республиканың батысына солтүстік-батыс антициклоны кіріп, жауын-шашын тоқтайды, — делінген хабарламада.
