Ролик авторлары түпнұсқа бейнебаяндағы Рианнаның айтқанын әнші тотықұстың даусымен алмастырған. Желі қолданушыларының бір тобы құстың талантын жоғары бағалап, әншіден еш кем орындамайды деп атап өтті.
Рианнаның әнін орындаған тотықұс «жұлдызға» айналды (Видео)
Мына «әнші» құс бір-ақ күнде ғаламтор жұлдызына айналып шыға келді. Әлеуметтік желілерде тараған видеода тотықұстың америкалық рэпер Эминем мен поп-әнші Рианнаның «The Monster» әнін орындап тұрғанын анық естуге болады.