Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жылыту маусымы барлық өңірлерде басталып, тұрақты өтіп жатыр. Еліміздің электр станцияларында 5 энергоблок, 42 қазандық және 31 турбина жөнделді, 4,3 миллион тонна көмір және 88 мың тонна мазут бар, бұл нормативтерге сәйкес келеді. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлер қыс мезгіліне дайын. Автономды қазандықтарда қажетті отын қоры жиналды.
Кеңесті қорытындылай келе, Роман Скляр әкімдіктерге жеткізілген отын үшін коммуналдық қызметтер мен энергия көздері үшін дебиторлық берешекті төмендету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлердегі энергия көздеріне отынды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.