Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 14 қарашада жалғасады

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы биылғы 11 тамызда басталды.

Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратынща, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Ал кеше, 31 қазанда өткен сот отырысында прокуроратура өкілі облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан және «Құрмет» орденінен айыруды ұсынды.