Баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының әкімі бұған дейін тағайындалған департаменттер басшыларын таныстырды:
- Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Мақсат Елемесов;
- Абай облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы лауазымына Анар Ерембаева;
- Абай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаментінің басшысы лауазымына Асхат Сағидолдин;
- Абай облысы бойынша техникалық реттеу департаментінің басшысы лауазымына Айнара Мұхаметқалиева;
- Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Серік Сарбасов тағайындалды.