Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі, — деді Аймағамбетов.
Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды, — деді министр.