Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бұл туралы Vesti.kz басылымы хабарлады.

Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті.

Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді.