Басты бетЖаңалықтарТимур Сұлтанғазиев...

Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болды

ҚР үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген қаулыда.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматыда туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.

Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы;

2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарушы;

2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi;

2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдар;

2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры;

2017-2018 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрлігі жобаларды басқару департаментінің директоры;

2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

2020 жылы ҚР денсаулық сақтау министрлiгi тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы;

2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.