«Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, 2022 жылғы 29 қазанда Сеулдің Итхэвон ауданында Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қаза болған, оның 19-ы — шетел азаматы. Адамдар сығылысып, бір-бірін таптап кеткен. Ауданға шамамен 100 мың адам жиналған деп айтылады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол бұл хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.