Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз, — делінген Бурдж-Халифа ғимаратының Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, биыл маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мейрам» мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді.
