Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 18 қазандағы мәліметінше, сот қаулысымен тергеу органдарының күдікті Т-ның қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны 1 айға, яғни 18 қарашаға дейін қамауда ұстау мерзімін санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 2022 жылдың ақпан айында ұсталған болатын.