Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Eгер осындай SMS-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәлімет жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін), — делінген хабарламада.
Бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан аса уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 492-бабы).