Қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 30,8 мың тонна балғын және салқындатылған балық өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 15,5% артық. Мысалы, Қызылорда облысында балық кластері белсенді дамып келеді, мұнда 15 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 10 зауыт бағалы балық түрлерін көбейтуге маманданған.
Сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна. Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1% қамтамасыз етті. Елімізге 28,7 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өнім 32,5 мың тонна болған.
Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын немесе салқындатылған балық бір жылда 15%, мұздатылған балық – 15,1%, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4% қымбаттаған. Ең алдымен жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7%), Қостанай (24,7%) және Маңғыстау (24%) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4%), Жетісу (35,2%) және Атырау (29,6%) облыстарында айтарлықтай өскен.
Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2%, балық консервілері — 29,6%, майдағы шпрот — 24,9%, салқын ысталған скумбрия — 23,8%, тұздалған деликатес балық — 22,2%, қызыл уылдырық – 21,2% қымбаттаған.