Басты бетЖаңалықтарАлматыда тергеу...

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Қылмыскер ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен. Полиция қылмыскерді ұстады.

Криминалдық полиция басқармасы мен Түріксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қашу дерегі соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР қылмыстық кодекстің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Айта кетейік, қылмыскер биыл қыркүйекте Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп жатыр.