Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалының басшылығы қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің көріністеріне жол бермеу мәселелері қаралды.
Қатысушыларға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жүйесіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының нормалары, сондай-ақ №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде жобалық басқаруды іске асыру жөніндегі талаптар назарға жеткізілді.