Біз шағын құрамда мұнан арғы ынтымақтастығымыздың ең өзекті мәселелері бойынша нәтижелі пікір алмастық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың басты басымдықтарын белгіледік, — деді мемлекет басшысы кеңейтілген құрамдағы отырыста.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ТМД-ның коронавирус пандемиясынан кейінгі жүзбе-жүз форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.
Түптеп келгенде, бұл – біздің елордамызда тағы да жүздескен қуанышты оқиға, — деді Тоқаев.