Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Андрей Фетисовтың мәлімдеуінше, жауынгердің қалтасында Құран мен кішкене сауыт (медальон) табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және оның Сайрам ауданы, Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті.

Жауынгердің сүйегі табылған аумақта  НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны анықталды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын нақтылаған. Мекен-жайы Манкент стансасы, Қарабұлақ пошта бөлімшесі, Молотов колхозы екені белгілі болды.

Ресейліктер қазір жауынгердің туған туыстарын іздестіруде. Сондай-ақ, олар жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні РФ, Курск облысы, Поныри ауданында құранмен қоса қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version