Халық саны 2022 жылғы 1 қыркүйекте 19 миллион 666,8 мың адам, оның ішінде қалалықтар — 12 миллион 131,1 мың (61,7%), ауылдықтар — 7 миллион 535,7 мың (38,3%) адам. 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% өсті, — делінген хабарламада.
2022 жылғы қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6% төмендеп, 172,4 мың адам. 1 000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы көрсеткіші — 13,19.
2022 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 263,8 мың адам, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (296,5 мың адам) 11% аз. 1 000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,19 туылды.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 91,4 мың адам, бұл 2021 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда (117,6 мың адам) 22,3% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда — 7 өлім. 2022 жылғы қаңтар-тамызда республикада бір жасқа дейінгі 2 208 қайтыс болған нәресте тіркеліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2 345 қайтыс болған нәресте) 5,8% азайды. Нәресте өлімі 1 000 туылғанға шаққанда 8,37 жағдайды құрады, — деп хабарлады статистика бюросы.
2022 жылғы қаңтар-тамызда республикаға келгендер саны 9 595 адамды, елден кеткендер саны — 18 275 адам, көші-қон сальдосы — 8 680 адам. Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендер үлесі 84,4%, кеткендер — 85,1%.
Ел ішінде қоныс аударған мигранттар саны 2,1% азайған. Өңіраралық қозғалыстар бойынша еліміздің үш қаласында: Алматыда (24 711 адам), Астанада (22 960 адам) және Шымкентте (2 154 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.