Мұнай бағасы 60 долларға жақындауы мүмкін

ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) алдағы уақытта ұйым мүшелері мен ұйымға кірмейтін экспорттаушы елдердің мұндай өндірісін азайту туралы келісімінің орындалу көрсеткіші 90 пайыздан асады деп болжайды.

«ОПЕК пен оған кірмейтін елдердің келісімі сөзсіз орындалады. Алдағы уақытта өндірісті қысқарту әлі де арта түседі», – деді Мұхаммед Баркиндо.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ОПЕК ұйымы аталған келісімнің 90%-ы орындалғанын хабарлады.

Сондай-ақ ұйым басшысы 2017 жылы әлемдік мұнай қорының азаятынын айтып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігін орнайтынын, нәтижесінде бағаның 60 долларға жуықтауы мүмкін екенін болжады.

Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 10:00-де мұнай бағасы 56,88 долларға саудаланды.

ДереккөзNaryk.kz