Кеңесте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген кезде «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдардың нормалары түсіндірілді.
Мемлекеттік сараптама сомасын азайту, құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу тәртібін қайта қарау мәселелері талқыланды.
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының және ШЖҚ «Алматы Су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алматеплокоммунэнерго» ЖШС, сондай-ақ ірі мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.