Бүгін шағын құрамда болған келіссөзіміз бауырластық рухында өтті. Сізбен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, сонымен қатар маңызды халықаралық мәселелерді талқыладық. Ықпалдастықтың басым бағыттарына тың серпін беруге келістік. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын атап өттік. Енді алдымызда тұрған мақсат — сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізу, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарата.
Мемлекет басшысының дерегінше, Анкада кейінгі 15 жылда Қазақстанға 4,35 миллиард доллар инвестиция құйды.
Ал Қазақстан Түркияға 1,13 миллиард доллар қаржы салды. Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында тұр.
Жалпы, екіжақты сауда-саттық әлеуетін арттыру жолында транзиттік тасымал бағыттары маңызды рөл атқарады. Біз тасымал шығынын азайтып, жеткізу мерзімін қысқарту үшін Транскаспий дәлізін дамытуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық. Көзқарасымыз бірдей, — деді ҚР президенті.