Тоқаев елорда әуежайында Ердоғанды күтіп алды

Естеріңізге сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысына қатысады.

Келіссөз барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.

Сонымен бірге Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.

Қазақстан-Түркия жалау, ту
Фото : t.me/bort_01

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Fly Arystan мен Air Astana-ның бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді?

Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді. 

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды

Қазақстанның елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларымен таныстырды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Вице-министр Абай облысындағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күршімбаев Абай облысындағы ормандағы өрт неге әлі сөндірілмей жатқанын түсіндірді.

2023 жылы БҚО-да 570 шақырым жол жөнделеді

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие.

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін қаражат бөлінеді

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.