Басты бетЖаңалықтарАқордада Қазақстан...

Ақордада Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ықпалдастық талқыланып жатыр

Іс-шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қатысып жатыр.

Түркия елінен қонақжай қазақ жеріне, атажұртқа келген ағайынға құшағымыз қашан да айқара ашық. Бүгін ардақты бауырым Режеп Тайип Ердоған мырза бастаған делегацияны қуана қарсы алып отырмыз. Қазақстан мен Түркияның жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысын ашық деп жариялаймын, — деді отырысты ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін мемлекет басшысы алдын ала келісімге орай күн тәртібіне енгізілген мәселелерді жария етті.

Бірінші — сыртқы саясат және инвестиция саласындағы әрекеттестік. Екінші мәселе — сауда-экономикалық ынтымақтастық. Үшінші мәселе – көлік-логистика және әскери өндіріс саласындағы ықпалдастық. Төртінші – ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастық, — деді ҚР президенті.