Ғылым министрлігі Республика күніне орай байқау жариялады

Ұлттық мереке — 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды. Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған. Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады, — делінген хабарламада.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін жоғары оқу орнының электрон поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпарат ЖОО сайтында. Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астанада өтеді.