Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банкі төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 1 триллион теңгеге немесе 8% ұлғайып, биылғы қыркүйек айының соңында 14,1 триллион теңгені құрады. Жыл басынан бастап инвестициялық кіріс көлемі — 742 миллиард теңгені, зейнетақы жарналары – 1 триллион 238 миллиард теңгені, зейнетақы төлемдері – 197,4 миллиард теңгені, мерзімінен бұрын алу сомасы 858,5 миллиард теңгені құрап отыр, — деді Ғалымжан Пірматов.
Оның атап өтуінше, зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 7,5% болды.
Бұл ретте зейнетақы активтерінің 5 жыл ішінде жинақталған кірістілігі жинақталған инфляция 53,7% болған кезде 55,8% құрады, — деді ол.