Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуі өтеді. Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі мұны келесі аптада өтетін ТМД саммитіне дайындық аясындағы өте маңызды оқиға деп атаған болатын.