Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы заңсыз...

Қазақстандағы заңсыз мигранттар ең көп өңір аталды

Finprom.kz порталының жазуынша, құқық бұзушылар саны бір жылда 18,6%-ке азайған, яғни 48 адам.

Мамандар көші-қонды заңсыз ұйымдастыру фактілерінің басым бөлігі Жамбыл облысында (17 құқық бұзушылық) анықталғанын мәлімдеді.

Келесі орындарда:

  • Алматы- 11 жағдай;
  • Түркістан облысы- 9 жағдай.

Сонымен қатар Ақмола облысы мен Астанада құқық бұзушылықтың саны аз тіркелген: әрқайсысында бір ғана жағдай. Жаңадан құрылған үш облыста (Абай, Жетісу және Ұлытау), сонымен бірге Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстарында бірде-бір жағдай тіркелмеген, – дейді сарапшылар.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар саны бірден 2,1 есеге өсті (48,6 мың іске дейін). 47,3 мың адамға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарылды. Соның ішінде:

  • 28,7 мың адамға ескерту жасалды;
  • 12,9 мыңға әкімшілік айыппұл салынды;
  • 2,6 мың адам әкімшілік қамауға алынды;
  • Қазақстаннан 3,2 мың шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шығарылды.