Басты бетЖаңалықтарРуслан Иманқұлов...

Руслан Иманқұлов ТЖМ ресми өкілі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды. Бұл туралы тиісті шешімді ТЖ министрі Юрий Ильин қабылдады, — делінген хабарламада.

Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары. ТЖ министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастаған. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік еткен.

Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сонымен қатар бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі, — делінген хабарламада.