Жаз аяқталды, бірақ Coca-Cola-ның тосынсыйлары жалғасып жатыр

Жинақтың барлық 12 композициясын қыздар жазып, орындап шыққан. Альбом хип-хоп, R&B, инди-поп сияқты жанрларды біріктіреді және Spotify, Apple Music, VK, Boom, Yandex Music және басқа да ондаған музыкалық платформаларда қол жетімді. Альбомның «Dosyma Hat» басты трегіне күшті әрі нәзік заманауи әйелді көрсететін түрлі-түсті жазғы бейнеклип түсірілді. Клипте де тек қыздар жұмыс істеді. Музыка әуесқойлары үшін жаңа альбом ұнайтыны сөзсіз.

Музыкадан басқа, Coca-Cola компаниясы бізді жазғы акциямен қуантуды жалғастыруда, оның шарттары бойынша күміс түсті акциялық қақпағы бар бөтелкедегі сусындарды әрбір сатып алушы жүлделер ұтысына қатысады. Акцияға бір жарым, екі және екі жарым литрлік пластикалық бөтелкелердегі Coca-Cola Classic, сондай-ақ 2 литрлік бөтелкелердегі Coca-Cola Zero Sugar, «Fanta Апельсин» және Sprite сусындары қатысады. 1 миллион теңгеге 150 Forte Market ваучері, 500 теңгеге 2 миллион Forte Market бонустары, Burger King мейрамханаларынан 50 мың «Криспи Чикен Комбо Мәзір» сияқты жүлделер ойнатылады. Акция 31 қазанға дейін қызу жүріп жатыр. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!

15 қыркүйектен 15 қазанға дейін Coca-Cola Magnum сауда желісімен бірлесіп «Катарда өтетін FIFA 2022™ Әлем чемпионатына Билеттерді ұтып алатынына сен!»  науқанын өткізеді. 30 бақытты адам Әлем Чемпионатының матчтарының біріне екі адамға жолдама алады.

Ұтыс ойынына қатысу үшін сізге екі литрлік Coca-Cola Classic немесе Coca-Cola Zero Sugar бөтелкелерін кез-келген комбинацияда сатып алып, сатып алу кезінде Magnum Club адалдық картасын көрсетіп, чекті сақтап алу және қоңырауды күту қажет! Жеңімпаздармен Magnum Club картасының деректерінде көрсетілген телефон арқылы хабарласады. Әлем чемпионатына ұшу өте жақын,  2 бөтелке Coca-Cola қашықтығындай ғана деуге болады!

Соңында, компания осы жазда өзінің танымал Fusetea мұздатылған шай брендінің жаңа түрін – лимон мен жалбыз хош иісті жасыл шайды шығарғанын атап өтеміз. Fusetea атауы ағылшын тіліндегі «фьюжн» (fusion) — «үйлестіру», «араластыру» немесе «біріктіру» сөзінен шабыттандырылған. Fusetea сусындарында табиғи шай сығындылары піскен жемістердің, жидектердің, шөптердің және гүлдердің дәмімен үйлеседі. Лимон мен жалбыз хош иістендірілген салқын жасыл шай ішу арқылы жаздың дәмін ұзартыңыз!

Фото: Coca–Cola