Басты бетҚоғамІшкі істер...

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға қанша ресейлік келгенін хабарлады

Бір аптада 8 мыңға жуық бейрезидент ЖСН алған.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2018-2019 жылдары Қазақстанға үш миллионға жуық Ресей азаматы келгенін айтты.

«Тоғыз ай ішінде Ресейден Қазақстанға 1 миллион 700 мың азамат келді. Қазақстандықтар да белсенді түрде кетіп жатқанын айту керек. Күн сайын Қазақстанның 40 мың азаматы шетелге шығады. Бізде барлығы бақылауда, көші-қон заңнамасы жұмыс істейді, заңнаманы бұзу бойынша қандай да бір аномал құбылыс көрген жоқпыз», — деді ІІМ басшысы Астанадағы брифингте.