Басты бетЖаңалықтарЕлімізде тіс...

Елімізде тіс дәрігерлерінің қызметі арзандайды

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл қызметтер қатарына тіс дәрігерінің қызметі де енгізілмек. Елжан Біртанов мұндай қадамдар медициналық қызметтерді арзандату мақсатында қолға алынып отырғанын айтты.

«Мемлекет басшысы бізге кепілдендірілген тегін медициналық көмекке кірмейтін қызметтердің бағасын реттеу туралы нормативті база дайындауды тапсырды. Ондағы мақсат медициналық бұйымдар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Біз енді осы мәселені бизнес өкілдерімен талқылауымыз керек», — деді министр Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, дәрігерлердің жеке кәсіпкерлікпен айналысуына да рұқсат берілмек.

«Өткен жылы біз мұндай тәжірибені бастап қойдық. Бастаманың аясында дәрігерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, емхана қызметін атқара береді. Мүмкін, уақыт өте келе оларды жеке кәсіпкер ретінде тіркейтін боламыз. Оларға шамамен 2000 адамнан бекітіліп беріледі. Кісі басына 1024 теңгеден төленеді. Бұл өз кезегінде емханалардағы кезектің санын азайтуға да түрткі болар еді», — деді министр.

ДереккөзEgemen.kz