«РФ азаматтарына Қазақстанның транзиттік әлеуеті барын ұмытуға болмайды. Жаңалықтардан Ресей әуежайларында үлкен сұранысқа байланысты әуе билеттеріне қатысты проблемалар басталғанын көруге болады. Біздің әуе айлағымызды ресейліктердің релаксацияға пайдалану мүмкіндігі иммигранттар легі себептерінің бірі саналады. Транзитке келетін болсақ, тек қыркүйектің кейінгі күндері ғана Қазақстаннан Ресей Федерациясының 40 мың азаматы кетті», — деді Аталықов ІІМ-де өткен онлайн-брифинг барысында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мыңдаған ресейлік Қазақстан арқылы Қырғызстан мен Өзбекстанға кеткен. Бес күн ішінде қазақстандық әуежайлар арқылы алты мыңға жуық ресейлік ұшқан.