Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жасады

Үндеудің толық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Үндеуде Тоқаев бұл жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістерге толы болғанын айтты.

«Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады. Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады», — делінген үндеуде.

Сонымен қатар конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізіліп, оны жүзеге асыру үшін «Ұлттық қор – балаларға» деген жаңа бағдарлама ұсынғанын да айтты Тоқаев.