Концертті тамашалау үшін Қазақстанға әлемнің 68 елінен тыңдарман келген.
Концертті ұйымдастыруға 200-ден астам маман жұмылдырылып, 400 волонтер қызмет көрсетеді. Көрермендерді ультразаманауи шоу күтіп тұр.
Концертте Димаш Құдайберген 31 ән орындайды. Шоу барысында әртісті жеке бэнд-тобы сүйемелдейді. Концертте жаңа композицияларымен шырқалады.
Димаш алғаш рет інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің сөзіне жазылған әнді орындайды. Маэстро Ренат Гайсин жазған авторлық аспаптағы шығарманы Әбілмансұрдың өзі де орындайды деп жоспарланып отыр.
Кеште Қазақстанның Мексикадағы елшілігінің көмегімен жазылған Димаштың испан тілінде жақында жарияланған шығармасы орындалады. «Бір аспанның хикаясы» атты авторлық композициясы да шырқалады.
Концертке халықаралық бишілер ұжымы, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қатысады.