Басты бетҚоғамҚазақстанның 6...

Қазақстанның 6 облысында жастарға арналған тұрғынүй бағдарламасы жасалады

«Елорда жастары», «Алматы жастары» бағдарламасына ұқсас «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары» және Атырауда «Алатау жастары» бағдарламасының жобасы әзірленіп жатыр.

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жастар» ҒЗО мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғынүй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғынүй жағдайларын жақсарту қажеттілігін анықтау үшін зерттеп жүргізіп жатыр. Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғынүй бағдарламасының арнайы жобасы жасалады.

«Жастар» ҒЗО жүргізген сауалнамаға қатысқан жастардың 40,9%-і өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болуы үшін баспана қажет деп жауап берген.