Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Мәулен Әшімбаев Лондонға ұшып барып, Букингем сарайында Ұлыбритания королі III Чарльзбен кездескен.
«18 қыркүйекте сенат төрағасы Вестминстер холлында табытқа бару рәсіміне қатысып, ресми көңіл айту кітабына Қазақстан атынан жазба қалдырды. Ол II Елизавета ерекше көшбасшы және ұлттың бірлігі мен тұрақтылығы символы болғанын, оның ерекше тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері бүкіл әлемдегі миллиондаған адамды шабыттандыратынын жазды», — делінген хабарламада.
19 қыркүйекте сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Вестминстерде патшайым II Елизаветаны жерлеу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға король отбасының мүшелері, мемлекет және үкімет басшылары, дипломаттар мен қоғам өкілдері бар 2000-ға жуық қонақ қатысқан.