Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы мәлімдеме жасады.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Полицияның мәліметінше, жаппай төбелеске Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан. Қазір олар ұсталды. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.