Басты бетЖаңалықтарАлматы тұрғынынан...

Алматы тұрғынынан психотроптық зат салынған 20 бума тәркіленді

Күдіктіні полиция қызметкерлері Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстады.

Бұл – 19 жастағы К. есімді азамат. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шалбарының қалтасынан ашық-жасыл түсті 20 орам тапты. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді, — деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің айтуынша, ол аз уақыттан бері есірткі қоюшы ретінде жұмыс істейді. Тапсырысты және қойып кететін орындардың мекенжайын интернет қосымшасы арқылы алады, ал, «атқарған жұмысы» үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен тіркелді,- дейді Ерлан Әлмағамбетов.