Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасындабелгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.
Акцияны ұйымдастырушылар ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіріп жатыр. 2016-2019 жылдар аралығында акцияға 7 000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 100 000-нан астам азамат кеңес алды.
Карантин шектеулері енгізілген кезеңде «Халық заңгерін» өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитарлық-эпидемиология жағдайының қалыпқа келуіне байланысты осы әлеуметтік маңызы бар іс-шараны қайта бастау туралы шешім қабылданды.
Алматы бойынша мына мекенжайда өтеді: Нұркент ықшам ауданы, 7 корпус, «Алматы Арена» мұз кешені.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ.