Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда әлемдік...

Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталды

Жалпы, «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» деген тақырыптағы жалпы отырыспен басталған 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.

Діни форумға Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Иосифтің және басқа да діни жетекшілер, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымның өкілдері қатысып отыр.

дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі
Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Іс-шараның екінші күнінде 4 секция өтеді. Бірінші секция «Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі», екінші секция «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі», үшінші секция «Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі», ал төртінші секция «Әйелдердің қазіргі қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қоуымдастықтардың рөлі» деп аталады.

Сонымен қатар осы күні VII съездің қорытынды құжаты – Декларацияны жария ету жоспарланып отыр.

Съез жұмысы «ҚР президентінің телерадиокешені» КЕАҚ YouTube-каналында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр.