Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Армения Республикасының ұсынысымен өткен отырыс бейнебайланыс режимінде өтті.
Сонымен қатар саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.
Мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения премьер-министрінің мәліметін тыңдады.
Қазақстан президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды.