Басты бетЖаңалықтарАлматыда қала...

Алматыда қала күніне орай қандай шаралар өтеді?

Мерекелік іс-шаралар бір мезетте бірнеше жерде өтеді. Атап айтар болсақ: тұңғыш президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры алдындағы алаңда, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайы.

16 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады. Осы күні кешкі сағат 16:00-де «Медеу» мұз айдынында «Medeu Party» халықаралық стрит-арт фестивалі өтеді.

17 қыркүйекте сағат 17:00-де «Астана» алаңында Gakku дауысы заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді.

Қаланың барлық ауданында мерекелік концерттер өтеді:

  • Алатау ауданы: «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы аумақ;
  • Алмалы ауданы: Mega Park СОО аумағы;
  • Әуезов ауданы: Family park аумағы;
  • Бостандық ауданы: Mega Almaty;
  • Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданының жаяу жүргіншілер аймағы;
  • Медеу ауданы: Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
  • Наурызбай ауданы: Шұғыла көшесі, 347 мекен-жайындағы әкімдік ғимаратының алды;
  • Түрксіб ауданы: Сейфуллин атындағы саябақ).

17-18 қыркүйек сағат 11:00-ден бастап Абай атындағы ҚҰОБТ алдындағы алаңда (Жібек Жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы) 1940-шы жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі қаланың мәдени-тарихи дәуіріне арналған «Сүйемін сені, Алматы» фестивалі өтеді.

18 қыркүйекте тұңғыш президент саябағында «Алма fest» негізгі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылады, соның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шара болады.

Кешкі сағат 18:00-де алматылықтар мен қала қонақтар Almaty Arena мұз кешенінде Salem Almaty концертін тамашалай алады. Ал, сағат 19:00-де «Астана» алаңында Zhuldyzdy Live концерті болады.