Бұл туралы ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәмілелердің саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары көш бастап тұр, тиісінше 6 392 және 6 389 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Ұлытау облысы – 412.
Тамыздағы ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан (-37,5%) және Алматы (-25%) облыстарында орын алды, бұл аймақтардың бөлінуіне байланысты болды. Бұл ретте, Қарағанды облысында мәмілелердің саны небәрі -5,7% құрады, бұл мәмілелер саны бойынша облыстың жетекші позицияда болғанымен түсіндіріледі.
Мәмілелердің 74,3% көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша жасалған, сатылымдағы жеке үйлердің үлесі қалған 25,7% құрады. Жыл басынан бері алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер бойынша жасалған шарттар саны екі бөлмелі пәтерлер сұранысынан асып түсті, тамызда 9 789 бір бөлмелі пәтер рәсімделген. Ол бойынша ең көп мәмілелер Нұр-Сұлтан (2 888) және Алматы (2 687) қалаларында жасалған.
2022 жылғы шілдемен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі ШҚО (-46,6%), Алматы облысы ( -24,6%) және Ақтөбе облыстарында (2,4%) сақталды. Керісінше, алып-сату шарттарының өсуі Нұр-Сұлтан (+25,3%) және Алматы қалаларында тіркелді.
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері туралы кестемен мына сілтеме арқылы танысуға болады.