Аталған пирамида жеке тұлғалардан қаражатты тарта отырып, жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен жұмыс істеген.
Тергеу барысында 7,5 миллион теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды. Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты кінәлі деп танып, қаржы және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада.