Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Жол апаты 10 қыркүйекте Алматы-Ташкент республикалық маңызы бар автожолдың 219-шақырымында болған.
«Сағат 14:30-да Volkswagen Passat автокөлігі Қордай ауылынан Әлжан Ана ауылына қарай келе жатқан. Автокөлікте төрт жолаушы болған. Рөлді басқара алмай қалған жүргізуші көлікті аударып жіберген, содан кейін автомобиль инерциямен ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан 26 жастағы көлік жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.