Басты бетҚоғам11 қыркүйекте...

11 қыркүйекте үш өңірде үсік жүреді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соның әсерінен солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ болып, найзағай соғады.

Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Тек елдің батысында антициклон әсерінен жауын-шашын жоқ.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.